Басты Жаңалықтар Мемлекеттер басшылары көрме павильондарын аралады

Мемлекеттер басшылары көрме павильондарын аралады

Мемлекеттер басшылары Өңірлік экологиялық саммиттің көрме павильондарын аралады. Көрмеде Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның павильондары таныстырылды. Мұнда жасыл энергетика мен табиғи ресурстарды басқару салаларына басымдық берілген. Экспозициялар орнықты экожүйені сақтауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақ орнатуға, экологиялық мәселелерді шешудің тың тәсілдерін қарастыруға, Арал маңын қайта қалпына келтіруге үндейді. Сондай-ақ бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеу мен тұрақты даму бойынша шешімдерін көрсетті. Шараға әлемнің 30 елінен 240-тан астам қатысушы жиналып, 120-дан аса павильонда озық жобалар ұсынылды. Саммит аясында инвестициялық форум, халықаралық кездесулер, сарапшылар пікірталасы және «жасыл» стартаптар байқауы өтіп жатыр.

Бөлісу