Шымкенттік кәсіпкер су үнемдейтін көлік жуу техникасын ойлап тапты
Бір көлікті жууға шамамен 500, кейде тіпті мың литр су жұмсалады. Шымкенттік кәсіпкер бар жоғы 10 литр сумен көлік жууға болатын техника ойлап тапты. Жаңа құрылғыға қазір шетелдік компаниялар да қызығушылық танытып отыр. Тың жоба туралы бейнематериалдан көріңіз.
Шымкенттік кәсіпкер Серік Ахметов 6 жыл бұрын көлікті бумен жуатын техниканың прототипін жасап шығарды. Оны іске қосып, пайдаға жарату үшін шекара асқан. Мұндай құрылғы ешбір елде жоқ дейді. Бірнеше шетелдік компаниялар қызығушылық танытса да, отандық өнімді дамыту мақсатында кәсіпкер ұсыныстардан бас тартқан.
Серік Ахметов, кәсіпкер:
2019 жылы парогенератор дегенді шығардым. 2021 жылы Қытайға амал жоқтан апардым. Өйткені бізде инженер де жоқ, құрылғы да жоқ. Қытайға ұнап жатыр әрі әлемдік патентім бар.
Көліктен бөлек, аялдамаларды, көше орындықтарын да тазалауға болады. Электромобильдің қызметін пайдалану үшін мобильді қосымшаны жүктеп, мекен-жайды жазып, шақыртса жеткілікті. Бар-жоғы 15 минутта бір көлікті жуып шығады.
Серік Ахметов, кәсіпкер:
505 бап бар, қоғамдық орындарда, аулада жууға болмайды деген. Ол бапты менен алды. Өйткені ешқандай зиян келтірмейм. Көлік кір болса, астына жапқыш төсеп, қоқысын жинап аламыз да утилизацияға жібереміз.
Ресейде тұщы су көп, бірақ тұрғындарға қолжетімсіз
Жалпы су мәселесі қазір барлық елде өзекті. Мәселен, Ресей ауыз су қоры бойынша Бразилиядан кейін екінші орында. Алайда бірнеше өңірінде ауыз су проблемасы шешілмеген. Басты себеп инфрақұрылымның ескіруі, құбырлардың тозуы.
Дмитрий Журавлев, сарапшы:
Ресейде ауызсу тұтыну мәдениеті бұрыннан бері қалыптаспаған еді. Себебі су жеткілікті болды. Соңғы 30 жылдан бері су ақылы. Сондықтан халықтың тұрмысы төмен бөлігі мен көп балалы отбасылар үшін бұл үлкен шығын. Ресейде су үшін бөлек тариф жоқ, ол барлық коммуналдық төлемдердің ішіне кіреді. Ал коммуналдық төлемдер жыл сайын өсуде. Құбырларды жөндеуге тырысқанымен, өте қиын. 2030 жылдан бастап ауыз су дефициті өзге де өңірлерде пайда болып, су қымбаттайды.
Түркияда ауызсу тапшы
Түркия да 2040 жылға қарай ауызсу тапшылығын тартатын 30 елдің тізімінде тұр. Ел билігі су тапшылығын болдырмау үшін тұрғындарды тіршілік нәрін қатаң үнемдеуге шақырып отыр. Сондай-ақ үлкен қалаларда судың тарифін де жоғарлатты. Бұдан бөлек Түркия кәріз суларын қайта қолдану жобасын қолға алды.
Әлемде су қоры азайып, климат өзгеріп, ауыз су мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сондықтан суды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін Шымкенттік кәсіпкердің жобасы бүгінгі заманның сұранысына сай шешім. Егер мұндай технологиялар кең қолданысқа енсе, су үнемдеу мәдениеті де арта түседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы