«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдай бастады
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды. Бұл - талантты, бастамашыл жастарға арналған мемлекеттік жоба. Онда жастар өз идеяларын нақты іске асыру үшін конкурсқа қатысып, ұсынылған жобасы маңызды әрі әлеуеті жоғары деп бағаланса, 3 миллион теңге қаржылай қолдауға ие болады. 2021 жылдан бері ғылым, мәдениет, ақпарттық технологиялар, бизнес, медиа, және волонтерлік сынды алты бағыт бойынша гранттар тағайындалып келеді. Осы уақытқа дейін ғылым мен цифрлық технологиялардан бастап мәдениет пен қоғамдық бастамаларға дейінгі 153 жоба қолдау тапты. Оның тек 6-уы сәтсіз деп танылып, грант сомасы мемлекетке қайтарылды. Биылғы жобаға өтініштер маусымның 21-не дейін қабылданады.
Айжан Өмірбаева, грант иегері:
Мен ғылым бағыты бойынша тапсырған болатынмын. Жобамның тақырыбы – күн энергиясын қолдана отырып, көмір-газификациясы технологиясын жетілдіру. Алдағы жоспарда өндіріс орнына енгізу, яғни өндіріс технологиясының мәртебесін тағы көтеру.
Қайрат Қамбаров, Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет төрағасы:
Бұл аз да емес, көп те емес деп айтамын. Өйткені 3 миллион теңгеге бір бастама жасауға болады. Жалпы біздің мемлекеттің басты қағидаттарының бірі жастар арасында масылдыққа жол бермеу. Осы бағытта жастардың қолына қармақ беру, 3 миллион теңге грант қаражатты бөліп, жақсы жобасын іске асыру.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бұйратауды бизондар әбден жерсінген
21.04.2026, 17:35
Ақтөбе облысындағы «Қасқыр» сарқырамасы елге танылып келеді
21.04.2026, 17:33
Оралда «Өзіңнен баста!» жобасы басталды
21.04.2026, 17:30
Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні
21.04.2026, 17:27
Курсанттар арасында халықаралық олимпиада басталды
21.04.2026, 17:25
Қызылордада жаңа драма театр сала бастады
21.04.2026, 17:20
Оралда жаңа өнім цехы ашылды
21.04.2026, 17:17
Петропавлда ₸2 млрд талан-таражға түскен
21.04.2026, 17:15