Басты Жаңалықтар Павлодар қаласында жаттықтырушыға ескерткіш орнатылды

Павлодар қаласында жаттықтырушыға ескерткіш орнатылды

Павлодар қаласында шәкіртінің өмірін аман алып қалу үшін өз өмірін құрбан еткен жаттықтырушыға мемориалдық тақта ашылды. Оқиға тура бір жыл бұрын болған.

Әлібек Жүсіпов пен командасы Астанаға футбол жарысына бару үшін шағын автобусқа мінген. Көлік ішінде 16 жасөспірім болған. Спортшылар отырған автобус жолдан тайып кетіп, темір қоршауға соғылған. Сол сәтте Әлібек алдыңғы орындықта отырған баланы қорғап қалу үшін денесімен бүркемелген. Жаттықтырушы сол жерде тіл тартпай кетті.  

Татьяна Григорьева, Павлодар қаласының тұрғыны:

Біз отбасымызбен Әлібек Жанабердіұлының әулетіне алғысымызды айтамыз. Менің балам бұл өмірде ең мейірімді адам менің жаттықтырушым деп айтады. Ақиқаты сол. Өз өмірін қиып тұрып, басқаға өмір сыйлаған жан мәңгілік біздің жүрегімізде.

Жаңаберді Жүсіпов, Әлібек Жүсіповтың әкесі:

Мен оны бес жасынан бастап орталық стадионға ертіп бардым. Қызмет бабымен сол жерде қоғамдық тәртіпті қадағалап жүретінмін. Жеті жасынан футболмен тұрақты айналыса бастады. «Қайрат» Алматы жасөспірімдер құрамасында ойнады. Кейін «Ертіс» Павлодар клубында өнер көрсетті. 2006 жылы «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанды. 2010 жылы «Ертіс» құрамында ел чемпионатының қола жүлдегері болды. Ол өте дарынды, болашағы зор бала еді.


Бөлісу