Басты Жаңалықтар Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді. Рейтингке 147 ел енген, ал бағалау көрсеткіші тұрғындардың өз өміріне қаншалықты қанағаттанатынына негізделген. Айта кетерлігі, Қазақстан тізімде тек жоғарылап қана қоймай, Франция мен Сингапур сияқты дамыған бірқатар елді де артта қалдырды. Еліміз ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасында бақыт деңгейі бойынша көшбасшы болып отыр. Жаһандық рейтингте көш басында бұрынғысынша Финляндия тұр, ол бірнеше жылдан бері бірінші орынды сақтап келеді. Ал Солтүстік Еуропа елдері дәстүрлі түрде үздік орындарды иеленген. Сарапшылар бірден 10 орынға көтерілу ең айқын өсімдердің бірі екенін айтады. Елде әлеуметтік ахуалдың жақсарғанының, мемлекет тарапынан қолдаудың күшеюі және өмір сапасына қанағаттану артқанының белгісі деп отыр. World Happiness Report есебі жыл сайын БҰҰ, Оксфорд университеті және Gallup аналитикалық компаниясының қатысуымен жарияланады. Ол өмір сапасын бағалауға арналған ең ірі жаһандық зерттеулердің бірі саналады.


Бөлісу