Жалған инвестиция – оңай ақшаның тұзағы
Соңғы жылдары елімізде жалған инвестиция және криптовалютаға қатысты алаяқтық деректері күрт көбейді. Қылмыскерлер әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы азаматтарды алдап, оңай табыс табуға үгіттейді. Салдарынан мыңдаған адам миллиардтаған теңгесінен қағылып жатыр. Алаяқтар өздерін инвестициялық компания, трейдер немесе халықаралық қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, сенімге кіруге тырысады. Тіпті танымал компаниялар мен белгілі тұлғалардың атын пайдаланып, жалған жарнама таратады. Алғашында аз көлемде пайда көрсетіп, адамдарды қызықтырады. Кейін ірі қаржы салуға көндіріп, ақшаны қолды етеді. Осы орайда Ұлттық банк те азаматтарды барынша сақ болуға, жеке деректерді жария етпеуге, үшінші тараптағы тұлғаларға ақша аудармауға шақырады. Немесе 1477 қысқа нөміріне қоңырау шалып, мамандардан кеңес алуға болады. Ал сарапшылар кез келген инвестициялық компанияның лицензиясын тексеру қажет екенін айтады. Себебі күмәнді мұндай схемалардың өзіндік белгілері бар.
Дәурен Қарашев, крипто криминалистика зертханасының басшысы:
Криптоәмияндардың мекенжайы немесе дропперлардың екінші деңгейлі банктердегі шоттары ол негізгі белгілері. Екіншіден, олар көбінесе орыс тілінде сөйлейді. Қазақ тілінде сөйлей алмайды. Сол арқылы білуге болады. Үшіншіден, оларға нақты сұрақтар қоя бастағанда байланысты үзіп жібереді. Немесе белгілі уақыттан кейін қайтадан телефон шалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы