Ұлттық арна жаңа маусымда «Шекарашы» телехикаясын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна жаңа маусымда «Шекарашы» телехикаясын ұсынады

27.06.2019

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы көрермендеріне жаңа маусымда жаңа телехикая ұсынбақшы. Бірнеше күннен бері түсіріліп жатқан "Шекара" кинотуындысы толыққанды күзге дейін аяқталады. Жауынгерлік рухты жағыртуға бағытталған фильмнің қандай ерекшеліктері бар?

 

Нұрлан Асқарұлы, тілші: 

 

Кинотуындыда Ауған-Тәжік шекарасындағы сарбаздардың өмірі бейнеленеді. Қазір міне сапта тұрған сарбаздардың ішінен негізгі  4 кейіпкердің өмірі бұл жерде суреттелген. Олардың әскерге дейінгі және әскерден кейінгі өмірлері оқиғаға арқау болады.

 

Әскерилердің өміріндегі қиындықтар мен шекарадаға қақтығыстарға толы шым-шытырық оқиғалар сол кездегі қоғамның тынысын аңғартады. Әскери ант қабылдағаннан кейін ажырамас досқа айналған төрт сарбаздың майдан алаңында ауыр қиындықтар күтіп тұрды. 

 

Ринат Дошибеков, актер:

 

Фильмде орындайтын ролім взвод командирінің ролі. Мен өзім бұрын көп жылдар әскери ызметші болып істегенмін. Сол үшін бұл менің жаныма өте жақын. Маған аса бір қиындығы жоқ. 

 

1995 жылы 7 сәуірде болған тарихи оқиғаға негізделген телехикаяны түсіруге 200 жауынгер мен сауытты әскери техника жұмылдырылмақ. Таудағы ұрыстарды түсіру үшін Алатаудың шыңдары мен Шарын шатқалы таңдалып алынған. 

 

Асқар Ұзабаев, қоюшыр:

 

Біз толықметражды фильм мен 10 сериалы телехикая түсіріп жатырмыз. Киноның басынан аяғына дейін 40 минуттық әскери ұрыс көрсетіледі. Сондықтан, бұл қазақ киносының тарихындағы әскери драмалық фильм болмақ. Ауған соғысында қыршын кеткендердің рухына арналған туынды.

 

 

Кинотуынды ұлттық патриоттық сезімді оятуға бағытталған. Ал, көрермендерге ерекше әсер беретін керемет көріністерді түсірілім тобы әзірге құпия ұстап отыр.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу