Басты Жаңалықтар Тұңғыш басылым – «Қазақстан» газетіне арналған көрме ашылды

Тұңғыш басылым – «Қазақстан» газетіне арналған көрме ашылды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан» газетінің 115 жылдығына орай және алғаш шығарушылардың бірі Ғұмар Қарашқа арналған көрме ашылды.

Алдымен, тарихшы, өлкетанушылар 1911 жылы 16 наурызда басылып шыққан газеттің тарихи маңызына тоқталды. Басылымның бастапқы екі саны Бөкей ордасы ауданында, кейін Орал қаласында жарық көрген. «Қазақстан» газеті демократиялық, реформаторлық сипатымен ерекшеленіп, ұлттық сананың оянуына себепші болған. Сондай-ақ, көрмеге оның негізін қалаушылардың бірі, ақын, ағартушы Ғұмар Қараш туралы да мол мағлұмат қойылған. Мерзімді басылымның жарыққа шығуына Елеусін Бұйрин, Бақытжан Қаратаев секілді Алаш зиялылары ұйытқы болған. Көрмеде QR код арқылы Ғұмар Қараштың шығармашылығымен танысуға болады.

Бақтылы Боранбаева тарих ғылымдарының кандидаты

«Қазақстан» газетінің негізгі идеялары, негізгі мақсаты қазақ халқын ғылымға, білімге, отырықшылық өмірге, мәдениетке насихаттау болды. Қазақстандағы ең бірінші, алғашқы шыққан газет - «Қазақстан» газеті.

Жантас Сафуллин бқо тарихи-өлкетану музейінің директоры

1921 жылы Ғұмар Қараш айуандықпен өлтірілгеннен кейін 1947 жылы оның еңбектері саяси қуғынға ұшырады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Ғұмар Қарашты тереңірек зерттеудің мүмкіншілігі туды. Оның еңбктері ақталды, елмен қайта қауышты.


Бөлісу