Шымкентте ₸430 млн жымқырған күдікті қамалды
Шымкентте алма бақтарын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жүзеге асқан жоба аясында қаражатты жымқыру схемасы ұйымдастырылған. Күдікті ретінде қордың бұрынғы басқарма төрағасы аталады. Ол өзіне қарасты ұйымдар арқылы мемлекеттік қаражатты заңсыз иемденген. Сатып алулар бәсекесіз, бір көзден жүргізіліп, жабдықтар мен құрылыс жұмыстарының құны негізсіз өсірілген. Кейбір жұмыстар мүлде орындалмағанымен жалған актілер рәсімделіп, бюджет қаражаты аударылған. Салдарынан мемлекетке 430 млн теңгеден астам шығын келген. Сот санкциясымен құны 1 млрд теңгеден асатын 108 гектар жерге тыйым салынды. Күдікті қамауға алынды. Ал қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы