Басты Жаңалықтар Америка флотының порттарды блокадалау операциясы жалғасып жатыр

Америка флотының порттарды блокадалау операциясы жалғасып жатыр

Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұр. АҚШ теңіз күштерінің Иран порттарын блокадалау операциясы жалғасып жатыр. Соңғы 48 сағатта Ислам Республикасы аумағына бірде-бір кеме америкалық әскерилердің шектеуінен өте алмаған.

Дегенмен, «Фарс» агенттігінің хабарлауынша, санкциядағы бір супертанкер Ормұз бұғазынан кедергісіз өтіп, Имам Хомейни портына бағыт алған. Айта кетейік, Тегеран бұл блокада тоқтамаса, Парсы шығанағында, Оман теңізінде, Суэц каналымен байланысатын Қызыл теңізде сауданы тоқтататынын ескертіп отыр.

Соған қарамастан, Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты оптимистік болжамдар да күшейіп келеді. Тегеранға сапар шеккен пәкістандық делегация да, АҚШ әкімшілігі де Ормұз бұғазын ашуға бағытталған келісімге үміт білдірді. Ал «Файнэншл таймс» газетінің дерегінше, Израиль мен Ливан атысты доғару туралы хабарды жақын арада жариялауы мүмкін.


Бөлісу