Қазақстан – Түркия: Ондаған бағыт бойынша келісім жасалды
Қазақстан мен Түркия өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және денсаулық сақтау салаларына қатысты 67 тармақтан тұратын іс-қимыл жоспарына қол қойды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп, мұнай-газ, IT және жасанды интеллект бағыттарында бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға уағдаласты. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов пен Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаз Астанада Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысын өткізді. Жиында сан-саладағы серіктестікке серпін беру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру жайы қаралды. Түркия Қазақстанмен сауда-саттық жүргізетін ең ірі бес елдің құрамына кіреді. Былтыр алыс-беріс көлемі 9 пайызға өсті. Алдағы уақытта тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Жиын қортыныдысы бойынша тараптар Үкіметаралық комиссия отырысының хаттамасына қол қойды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы