Қызылордада полиция қызметкері өртеніп жатқан пәтерден 2 баланы құтқарды
Қызылордада полиция инспекторлары өртенген үйден екі адамды аман алып шықты. Оқиға таңертең қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
4-ші қабатта лапылдап жанған жалынды байқап қалған сақшылар дереу әрекет етіп жоғарыға көтерілген. Пәтер ішінде екі жас жігіт ештеңені сезбей ұйықтап жатқан. Инспекторлардың бірі тұрғындарды эвакуацияласа, енді бірі балконда тұтанған отты сөндірген. Осылайша батыл шешім қабылдаған полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды.
Руслан Бауыржанұлы, қалалық полиция басқармасының инспекторы:
Есікті ашу барысында қара түтін лапылдап, сумен дереу өшіріп. Алдын алдық. Екі жігіт ұйықтап жатқан болатын. Біз келген сәтте олар оянып өрттің шығып жатқанын байқады. Және олар дереу иістеніп қалмасын деп есік алдына шығардық.Үш жасар бала құтқарылды
Ал, Талдықорғанда үш жасар бүлдіршін пәтер ішінде қамалып қалған. Есіктің қалай құлыптанып қалғаны белгісіз. Үй иесі дереу көмекке құтқарушыларды шақырыпты. Оқиға орнына жеткен мамандар автосатының көмегімен балкон арқылы пәтерге кірген. Ұйықтап жатқан балақай аман-есен ата-анасына табысталды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03