Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады. Мемлекет басшысы Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Энергетиктің әсері мен әлегі
22.11.2026, 20:30
Шоттан шыққан сот: 400 дроппер түрмеде отыр
22.11.2026, 20:22
Шекарасыз әлемге шектеу
22.11.2026, 20:16
Құрылыс қарқынына отандық өндіріс ілесе ала ма?
22.11.2026, 20:10
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00