«Ұлттық мектеп лигасы»: Оқушылар спорттың 8 түрінен сайысуда
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында оқушылар арасында республикалық олимпиадалық турнир басталды. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған елордадағы білім ошағының бірінде жарысқа 200-дей оқушы қатысты. Олар спорттың 8 түрінен, оның ішінде шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан бақ сынады. Оқушылар үстел ойындарын сабақ арасындағы үзіліс кезінде де ойнайды. Бұдан бөлек, турнир аясында жоғары сынып оқушылары арасында волейболдан республикалық жарыстың финалдық кезеңі өтті. Ұйымдастырушылар осы арқылы жас таланттарды анықтап, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырамыз дейді. Жарыс бір апта бойы өтеді.
Рамазан Оразбаев, 4-сынып оқушысы:
Мен бір рет ойнадым, бір рет жеңдім. Шахматты менің анам үйретті. Сосын мен шахматқа барғанмын.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58