Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-қа жетті

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-қа жетті

Беларусь СІМ Максим Рыженков еліміздің сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен де кездесті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ екі елдің халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылын талқылады. Өзара тауар айналымын одан әрі арттыруға мән берілді. Басым бағыттардың қатарында транзиттік-көлік саласы болды. Биыл қаңтар - ақпан айларында теміржол жүк тасымалы 1,1 млн тоннаға жетіп, былтырмен салыстырғанда 25 %-ға артқан. Кездесу соңында, министрлер екіжақты және көпжақты ынтымақтың барлық бағыты бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға және кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

Айта кетейік, шетелдік диломат үшін бұл Қазақстандағы алғашқы ресми сапар. 


Бөлісу