ІІМ: Алаяқтар банк чаттарының көшірмесін жасап жатыр
Алаяқтар құқық қорғау органдары мен банк чаттарының
көшірмесін жасап жатыр. Ішкі істер министрлігі ескерту жасады. Олар түрлі сылтаумен
азаматтарды ақшаны шұғыл түрде «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Сонымен
қатар жалған хабарламалар мен құжаттарды жіберіп, ресми органдардың сервистер
мен чат-боттарының көшірмесін пайдаланады. Алаяқтар тіпті ұқсас суреттер, аудио
және бейнематериалдарды қолданып, азаматтардың атынан туыстары мен достарынан
қыруар қаржы жымқырған. Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары мен банк
қызметкерлері ешқашан бейнеқоңырау арқылы ақша аударуды талап етпейтінін, құпия
мәліметтерді сұрамайтынын және телефон арқылы қаржылық операциялар жүргізуді
ұсынбайтынын ескертеді. Егер күдік туса, барлық алаяқтық факті мен әрекеттер
туралы дереу полицияға хабарлау қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы