Таяу Шығыстан отандастарымызды эвакуациялауға қатысқандар марапатталды
Таяу Шығыстағы күрделі жағдай кезінде отандастарды елге қайтаруға үлес қосқан мамандар марапатталды. Ақпан айында әуе кеңістігінің шектелуіне қарамастан, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастырған авиация саласының өкілдері арнайы құрметке ие болды. Мемлекеттік наградаларды Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр табыстады.
Арнайы операцияға қатысқандардың бірі - «SCAT» әуе компаниясының ұшу қызметінің директоры Николай Кунле. Оның айтуынша, наурыздың 3, 6 және 7-сі күндері Оманға үш рейсті ұйымдастырылып, 500-ден астам қазақстандық елге жеткізілген.
Николай Кунле, «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ ұшу қызметінің директоры:
Бұл рейстерді орындау алдында барлық тәуекел мұқият сараланды. Үлкен команда жұмылды. Алғашқы рейспен 290, кейінгісінде 190 азамат елге қайтарылды. Еңбегіміз Мемлекет басшысы тарапынан жоғары бағаланғанына дән ризамын.Құтқарушылар да шет қалған жоқ. Тахиржан мен Евгений алғашқы топпен бірге өңірге барып, отандастарға медициналық әрі психологиялық көмек көрсеткен. Екеуі де «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Тахиржан Искаков, республикалық «Барыс» жедел-құтқару жасағының аға құтқарушысы:
Республикаға оралған кезде олардың сезімдері, қуаныштары шексіз болды. Аман-есен оралғандарына қуанды. Мақсат - бізде медаль алу емес қой. Ең бастысы адам құтқару. Адамның жүрегіне жақсы сезім ұялату.Жалпы, 3-13 наурыз аралығында Таяу Шығыс аумағындағы елдерге 66 рейс орындалып, 10 мыңнан астам қазақстандық елге жеткізілді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10