Басты Жаңалықтар Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін Президент Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады. Кездесуде банктың 20 жылдағы нәтижелері мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкін Қазақстандағы стратегиялық маңызды жобалардың негізгі серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Николай Подгузовтың айтуынша, биыл Қазақстан экономикасының өсімі кемінде 5,5% болады деген болжам бар. Бұл – инвестиция, инфрақұрылымдық бағдарламалар және ішкі сұраныстың тұрақтылығына байланысты. Соңғы жылдары банк жалпы 9 млрд 200 млн доллар инвестиция құйса, оның 5 млрд 200 млн доллары Қазақстанға бағытталған. Қаржының басым бөлігі өнеркәсіп, энергетика, көлік және қаржы секторына жұмсалған. Тараптар алдағы уақытта стратегиялық серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.


Бөлісу