Медиация: Ажырасуға арыз жазған 112 отбасы татуласты
Биыл Астанада ажырасуға өтінім берген 100-ден аса ерлі-зайыпты татуласты. Сотқа жеткізбей, некені сақтап қалуға медиаторлар көмек берген. Бұл туралы қалалық ювеналды сотқа қарасты орталықта өткен жиында айтылды. Ажырасуға арыз жазған отбасыларға сот медиацияға жүгініп, психологтардан тегін көмек алуға болатынын жеткізеді. Алайда міндеттей алмайды. Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашеваның сөзінше, тиісті заңға өзгеріс енгізілсе, елде ажырасу саны айтарлықтай азаюы мүмкін.
Снежанна Имашева, ҚР Президенті жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл:
Жақсы нәтиже бар. Ажырасуға келген азаматтардың ішінде медиаторлар және психологтар арқылы дау шешіліп, 25 пайызы сотқа жетпеген. Сондықтан осы жұмысты жалғастыру керек. Бүкіл елге тарату керек.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27