Басты Жаңалықтар Астанада Eco Film Festival өтеді

Астанада Eco Film Festival өтеді

Астанада 23-24 сәуір аралығында ауқымды халықаралық экологиялық кинофестиваль өтеді. Бұл Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау тақырыбын көтеретін ірі алаңға айналмақ. Фестиваль барысында климаттың өзгеруі, су ресурстарын үнемдеу және айналаның ластануы мәселелеріне арналған фильмдер ұсынылады. Мақсат – кино өнері арқылы қоғамның табиғатқа жауапкершілігін арттыру.

Сәкен Қалқаманов, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы КЕАҚ басқарма төрағасы:

Орталық Азия елдерінен және Әзербайжан елінен 30-дан астам деректі фильмдер келіп түсті. Жаңағы конкурсты білікті және мамандандырылған жюри бағалайды. Сондықтан осындай жақсы біздің экология саласына, кино саласына креативтік индустрия саласына серпіліс береді деп сенімдеміз.


Бөлісу