Ғылымда жас ғалымдар көбейіп келеді
Елімізде 28 мыңға жуық ғылыми қызметкер болса, соның 48 пайызы – 40 жасқа толмаған жастар. Бүгін Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ондағы мақсат – отандық ғылымды насихаттап, ғалымдардың инновациялық жетістіктерін таныстыру. Ғылыми-танымдық көрме ұйымдастырылып, отандық ғалымдардың зерттеу нәтижесі мен инновациялық жобалары таныстырылды. Сонымен бірге «Ғылым қоры» қолдаған коммерциялық жобалар да ұсынылды. Жиында ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар мен жас зерттеушілер марапатталды. Мұндай бастамалар елдегі ғылымның дамуына серпін беріп, жас зерттеушілердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар.
Бағдәулет Кенжалыұлы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директоры:
Ғылымға қаржы аз бөлініп, сосын өндіріс пен ғылымның арасы алшақтап кеткен болатын. Қазір сол алшақтық жақындап келе жатыр. Министрліктер жаңа мамандықтарды өндірістерге ендіріп жатыр. Себебі кадр мәселесі жоқтың қасы болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы