Басты Жаңалықтар «Amanat» партиясы кәсіпкерлер қанатын құрды

«Amanat» партиясы кәсіпкерлер қанатын құрды

«Amanat» партиясы бизнес қауымдастықтың басын қосып, кәсіпкерлер қанатын құрды. Енді өңірлерде де партиялық кеңестер жұмыс істейді. Олар жергілікті жердегі проблемалық мәселелерді тізіп, шешуге күш салады. Қажет болған жағдайда оны республикалық деңгейде талқылайды. Ал Мәжілістегі партия фракциясында кәсіпкерлермен байланыс жасайтын жауапты депутаттар бекітілмек. Олар заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына бизнес өкілдерін тартумен айналысады. Сондай-ақ «Ashyk Amanat» аналитикалық платформа іске қосылады. Бұл сервис еліміздегі кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін біріктіріп, партия, Үкімет және бизнес қауымдастығы арасындағы нақты әрі тиімді құрал қызметін атқармақ. Кездесу соңында бірқатар бизнес өкілі партия қатарына қабылданып, ел дамуы жолдындағы еңбегі үшін Мемлекет басшысының алғыс хатын иеленді.  

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы:

Партияның тәжірибесі, әлеуеті және жұмыс істеуге деген ұмтылысы бар. Біз әрдайым Президент саясатының алдыңғы шебіндеміз. Ел тарихындағы маңызды кезеңдерде саяси институттардың басын біріктіріп келеміз. Белсенді азаматтарға арналған жұмыс алаңдарымыз бар. Жастар қанаты мен әйелдер қанаты жұмыс істейді. Олар ел аумағында ондаған мың адамды біріктіреді. Бұл – партиямыздың өзегін құрайтын электорат.


Бөлісу