Киберқауіпсіздіктің кешенді экожүйесі қалыптасады
Әлемдік киберқауіпсіздік саласындағы үздіктердің бірі Palo Alto Networks компаниясы Қазақстанда кешенді экожүйе қалыптастыруға ниетті. Бұл туралы бүгін ЖИ және цифрлық даму министрлігі мен аталған компания өкілдерінің кездесуінде белгілі болды. Тараптар өзара келісілген меморандумды жүзеге асыру барысы мен алдағы стратегиялық жоспарларды талқыға салды. Екі жақ бес жылға арналған ортақ жұмыс жоспарын әзірлеуге келісті. Ал Innovation Day іс-шарасында спикерлер сөз сөйлеп, қазіргі кезеңдегі сын-қатерлерді атап, олармен күресудің жолын көрсетті.
Курсад Демирай, Palo Alto Networks компаниясының өкілі:
Әлемде болып жатқан қазіргі геосаяси жағдайға байланысты киберқауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шығып отыр. ЖИ мен интернет жылдамдығының артуы жаңа қауіп-қатерлерді де қатар алып келді. Сондықтан цифрлық қауіпсіздік аса маңызды. Біз Қазақстанда кешенді экожүйе қалыптастыруға жұмыс істеп жатырмыз. Бұл экожүйе аясында мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, интернет кеңістігін ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды да қорғауды мақсат етеміз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58