Басты Жаңалықтар Астанада машина жасаушылар форумы өтуде

Астанада машина жасаушылар форумы өтуде

Өндірісті локализациялау, заманауи технологияларды енгізу, экспортты арттыру және бәсекеге қабілеттілікті күшейту. Астанада өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумында осы мәселелер кеңінен талқыланып жатыр. Шара жайлы толығырақ, сонда жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын. Нұрсұлтан, сіз тікелей байланыстасыз!

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ар ма, Қонысбек! Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы басталды. Бұл форумға 24 елден 280-нан астам компанияның өкілі қатысып жатыр.  Форум бағдарламасы машина жасауды кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру, шетелдік серіктестердің рөлі, саланы цифрландыру мен роботтандыру, сондай-ақ білікті кадрларды даярлау мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар негізгі теміржол, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, электротехника, автомобиль жасау және тау-кен металлургия саласындағы машина жасауға ерекше назар аударылмақ.

Шара барысында саладағы түйіні тарамай тұрған түйткілдер ортаға салынады. Ресми деректерге сүйенсек бізде 2025 жылы сала өндірісі шамамен 18%-ға өсіп, көлемі 5,7 трлн теңгеден асты. Негізгі өсім автокөлік, теміржол және электротехникалық машина жасау бағыттарына тиесілі. Осы тұста мына жайтты ескерген жөн: машина жасау – елдегі өңдеу өнеркәсібінің шамамен 20%-ын құрайды. Яғни өте маңызды сала.  Форум барысында саланың 20 қызметкері «Құрметті машина жасаушы» наградасымен марапатталды. Бұл қарапайым еңбек адамына көрсетілген құрмет. Қонысбек!


Бөлісу