Дәрігерлеріміз Ыстанбұлда біліктіліктерін арттырды
Қазақстан дәрігерлері Түркияда біліктіліктерін арттырды. Абай облысынан барған ақ халатты жандар Ыстанбұлдағы Анадолы медициналық орталығында болып, заманауи емдеу тәсілдерін меңгеріп келді. Мамандар бір апта бойы науқас қабылдап, шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ медицинаның озық әдістерімен танысты. Сапар соңында ел дәрігерлеріне арнайы сертификат табысталды. Олар шетелдік медицина орталығында жиған тәжірибесін өз өңірінде енгізуге ниетті. Бұл аймақ медицинасының сапасын арттырып, науқастарға көрсетілетін қызметті жетілдіруге көмектеседі, дейді дәрігерлер.
Ернар Тоқтаров, травматолог:
Біз үшін бұл тәжірибе, үлкен сабақ деп түсінемін. Ол жердегі тәжірибе алмасқанымыз бізге науқастың ауруханаға кіргеннен бастап, жазылып, сауығып, шығуына дейін, яғни қандай жағдай жасау керек оның бәрін көріп, біліп, таныстық. Бұл яғни біздің медицина тілімен айтқанда, мультидисциплинарлы көзқарас.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14