Басты Жаңалықтар Құрылыс лицензиясын заңсыз берген қылмыстық схема әшкереленді

Құрылыс лицензиясын заңсыз берген қылмыстық схема әшкереленді

Алматыда құрылыс саласындағы лицензияларды заңсыз рәсімдеу дерегі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің қалалық департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Е-лицензиялау» жүйесіне жалған мәлімет енгізіп келген топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу мәліметіне сәйкес, 2021 жылдан бері күдіктілер қалалық қала құрылысы бақылау басқармасының жекелеген қызметкерлерімен келісіп, өздеріне тиесілі компаниялар атынан жалған ақпарат ұсынған. Құжаттарда өндірістік база, арнайы техника мен білікті мамандар бар деп көрсетілгенімен, іс жүзінде талаптарға сәйкестік болмаған. Осының нәтижесінде 400-ден аса компания заң талаптарын айналып өтіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында І санаттағы лицензияларды заңсыз иеленген.

Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:

Тінту шаралары заңсыз әрекеттерді растайтын құжаттар мен заттай айғақтар тәркіленді. Осындай «қызметтер» көрсеткені үшін ұйымдастырушылар 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып отырған. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Бөлісу