Басты Жаңалықтар ШҚО-да қою тұман сейілмей тұр

ШҚО-да қою тұман сейілмей тұр

Шығысты соңғы екі тәулік бойы қою тұман басып тұр. Әсіресе оңтүстік аудандар мен орталық бөлігінде сейілмей тұр.

Олжас Керейхан, тілші:

Кешелі бері өңірде сұр бұлт пен дымқыл тұман жерді басып тұр. Әсіресе таңертең кешке тіпті қалыңдайды. «Қазгидромет» орталығы қою тұман әзірше сейілмейтінін хабарлады. Сондықтан өзен мен көлден  көтерілген бу тұман болып шөгіп тұр. Оған автокөлік пен жеке үйлерден шыққан түтін қосылып  одан бетер қоюландырады. Ал алдағы тәуліктерде  өңірде жел соқпайды. Күн райы да күрт жылынады. Тіпті оңтүстік аудандарда ауа темпратурасы  +15+17 градусқа дейін көтеріледі, деген болжам бар. Дегенмен «соқыр тұман» қозғалысқа айтарлықтай кедергі келтіріп жатқан жоқ. Барлық бағыттағы автокөлік жолы ашық. Әуежайда кесетеге сай жұмыс істеп тұр. Дәл осы сәтке дейін тұманға байланысты рейстердің кешіккені туралы ақпарат жоқ.


Бөлісу