Қызылордада 400 отбасы баспаналы болды
Қызылордада наурыз мерекесіне орай көпқабатты он тұрғын үй ел игілігіне берілді. Сырдарияның сол жағалауынан бой көтерген тұрғынжайларда көпшілік жаңа қоныспен бірге ұлыстың ұлы күнін қатар тойлады.
Үй кезегіндегі 400 жанұя көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Жалпы бұл бағытта құрылыс қарқынды. Биыл өңірде тұрғын үй салуға 55 миллиард теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін облыс бойынша 2400 пәтер табысталмақ. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы бірінші кезекте әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Гүлназ Алуадин, көпбалалы ана:
Бүгінгі армандаған үйімізге қол жеткізіп жатырмыз. Әрбір қазағымыз үйлі болуға лайық. Сол жағалауда орналасқан үлкен болашағы зор өте көрікті қаламыздың осы аймағына қоныс теуіп жатырмыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14