Бейбітшілік пен бірліктің, ынтымақ пен ырыстың, тұрақтылық пен келісімнің мерейлі мерекесі Сыр елінде де өзіндік сән-салтанатпен аталып өтті. Орталық алаңда «Оқитын Арбат» кітап фестивалі ұйымдастырылып, мерекелік концерт болды. Ал, қазір қалалық парктің ашылу салтанаты өтеді.
Ақерке Берікбекқызы, тілші:
- Бұл - Қызылордадағы жалғыз демалыс паркі. Сондықтан мұнда халық өте көп. Жыл сайын дәл осы 1 мамыр күні ашылады. Жаз бойы халыққа қызмет көрсетіледі. Бүгінгі мерекелік шаралар осы жерде өтті. Таңертеңнен бері парктің іші балалардың шат күлкісіне толы. Асфальтқа сурет салды, түрлі жарыстарға қатысты. Жалпы жұртшылықтың көңіл-күйі керемет.
Ағаш көшеттері егілді, айналадағының барлығы жаңғырып жаңартылған. Бұл - жергілікті кәсіпкерлердің еңбегі. Жаңа аттракциондар қойылды. Парк аумағында жабық ғимараты бар шағын футбол алаңы салынып жатыр. Ол да жақын күндері пайдалануға беріледі.