Қызық-қызық кейіпкерлер референдумға қатысты
БҚО
Елдің әр өңірінде дауыс беруге ерекшеленіп келгендер де бар. Кейбір тұрғындар учаскеге тек креативті образымен келіп, жұрттың назарын аудартты.
- Бүгін бізде елімізде өте маңызды күн. Маңызды таңдау және де мен өзімнің таңдауымды осындай ерекше стильде берейін деп жатырмын.
Оралда тұрғындардың бірі референдум учаскесіне «Фиксиктер» мультфильмінің кейіпкері болып келді. Ерекше костюм киген азамат дауыс берушілердің ғана емес, көшедегі басқа адамдардың да назарын өзіне аударды. Оның бүгін осылай киініп келуіне мультфильм кейіпкерінің ұраны себеп болған.
- Неге фиксик десеңіздер, фиксиктің бір жақсы сөз бар. Егер кішкентай бөлшек дұрыс жұмыс істесе, бүкіл механизм де жақсы жұмыс істейді. Біздің еліміз де үлкен механизмге ұқсайды. Ал әрбір азамат – сол механизмнің маңызды бөлшегі.
ШҚО
Оралда дауыс берушілер қызықты костюм киіп келсе, Риддер
қаласында керісінше сайлаушыларды шаңғышы аю қарсы алды. Қала тұрғындары ерекше
кейіпкермен суретке түсіп, әлеуметтік желіге бөлісіп жатты.
Алматы
Алматыда қол ұстасқан екі адам «Зверополис» мультфильмінің кейіпкерлері қоян Джуди Хопс пен түлкі Ник Уайлдтың костюмдерін киіп келді. Екеуі бірге дауыс беріп, осындай кретиві үшін арнайы сыйлыққа ие болды. Ал Өскемен тұрғыны тіпті таң қалдырды. Парапланерист Николай Петинцев учаскеге ұшып келді.
Өскемен
Мен бүгін референдумға қатысу үшін ұшып келдім. Бұл еліміздің ертеңі үшін маңызды оқиға деп ойлаймын.
Ол дауыс берген соң парапланына қайтадан отырып, аспанға көтеріліп кетті. Осылайша, біреулер учаскеге кейіпкер болып келсе, бірі шаңғымен, бірі көкпен жетті. Бірақ бәрінде мақсат бір. Ол өз таңдауын жасау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы