Әулиеата өңірінде референдум ән-күймен өтті
Әулиеата өңірінде референдум осылай өтті. Әр учаскенінің алдында ән айтылып, күй орындалды. Ал жастар жағы ұлттық ойындарды ұлықтап, мерекенің көрігін одан сайын қыздырды. Ер азаматтар асық атып, ләңгі теуіп, кір тасын көтеріп жарысты. Тұрғындар тоғызқұмалақ, шахмат пен дойбыға дейін ойнап, сыйлықтар алды.
Гүлжан Қасымова, Тараз
тұрғыны:
Бүгінгі референдум тек қана бір үлкен науқан ғана емес, сонымен қатар мереке сияқты өтіп жатыр. Көптеген ұлттық ойындар. Дойбы, шахмат ойнап жатырмыз. Күшті іс-шара ұйымдастырылған. Бұның өзі мерекеге көрік қосады деп ойлаймын.
Сондай-ақ Таразда республикалық референдум аясында ауыл шаруашылық өнімдерінің
жәрмеңкесі «Жастар аллеясы» алаңы мен Алатау шағын ауданында қатар өтті. Тауарлар құны өзге сауда нысандары мен базар
бағасынан 15-20%-ға төмен болды. Сүт, ет өнімдері, ауылдың айраны мен құртын
қала тұрғындары қуана алды. Жәрмеңкеде 24 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары
саудаланды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09