Жамбыл жерінде референдум сән-салтанатпен өтуде
1 млн 200 мыңнан аса тұрғыны бар Жамбыл жерінде жексенбідегі басты оқиға бар сән-салтанымен өтіп жатыр. Қариялар қауымы маңызды күнді мерекеге айналдырып, жастар жағы спорттық сайыстарды қыздыра түсті. Таңдауын жасап жатқан тұрғындарға күннің көзі де қарасып тұр. Бүгін аймақта 513 референдум учаскесі ашылды, соның бірінде тұрған тілшіміз Данияр Әлімқұл не дейді, тікелей эфирге қосып көрейік.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Қайырлы күн, Ләйлә. Иә Бүгін Әулиеата өңірінде әдемі көктем, күн көзі күлім қағып тұр. Жаймашуақ күнде жамбылдықтар таңмен таласа тұрып, референдумға атсалысуға асықты. Жалпы Жамбыл жерінде Қазақ хандығы құрылып, дала заңдары талқыға салынып, таразыға түскен еді, арғыдағы 6 ғасырға жуық уақыт бұрын. Демек дәл осындай науқанның мән-мазмұнын жамбылдықтар жете түсінеді. Сондықтан белсенді. Әулиеаталық әжелер учаскелерге шашуын шаша келіп, ыстық бауырсақ ұсынып, жастар жағы ұлттық ойындарды ұлықтап жатыр. Жалпы бізде 722 мыңға жуық азаматтың дауыс беруге құқығы бар. 15 мыңнан аса жасқа алғаш рет дауыс беру бұйырып тұр. Айтар ақпар әлі де бар, әзірше тізгін өзіңізде, Ләйлә.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03