Басты Жаңалықтар Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде күн райы күрт суытады. Айталық, Астанада қар, боран, тұман. Желдің күшейюіне байланысты екінші ауысымдағы 0-6-сынып оқушылары қашықтан оқиды. Ақмола және Солтүстік  облыстарында да боран, кей жерлерде -30°С дейін ауа температурасы төмендейді. Жетісу, Алматы облыстарында жаңбыр мен қар, күндіз кей жерлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Еліміздің оңтүстік өңірлері Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын, таулы аймақтарда бұрқасын, тұман болады деген болжам бар. Қызылорда, Атырау, Маңғыстау аймағында боран, көктайғақ, түнгі температура кей жерлерде -23°С дейін төмендейді. Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытауда қар, боран, желдің екпіні  секундына 15 - 28 метр болады.

Бөлісу