БАӘ-де қалып қойған ел азаматтары үшін бүгін арнайы рейстер ұйымдастырылады
Таяу Шығыс аумағында қалып қалған отандастарымызды эвакуациялау үшін бүгін үш репатриациялық рейс ұйымдастырылады. Азаматтық авиация комитеті Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының кестесін жариялады. Жолаушыларға Дубайдан Масқатқа тегін автобус ұйымдастырылады. Ал елге жеткізу рейстері Оман астанасы Масқаттан Алматыға бағыт алады. Ұшақтар жергілікті уақыт бойынша 12:30, 14:30 және 16:30-да ұшып шығады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен
бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінге дейін 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды. Әуе рейстерінен
бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның
құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда. Өңірдегі
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру
жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы