Бас прокуратура: Гүл аламын деп алданып қалмаңыз
Гүл аламын деп алданып қалмаңыз! Бас прокуратура Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтардың тағы бір айлаға көшкенін ескертеді. Айтуларынша, әккілер атыңызға гүл келіп тұрғанын айтып, растау үшін код жіберуді сұрайды да, шоттағы қаржыны түгел жымқырады. Сондықтан смс-кодтарға жауап бермес бұрын, оны мұқият оқып алу керек. Алайда, бұл код жібергеннің бәрі алаяқ деген сөз емес. Өзіңіз тапсырыс берген нөмірден хабарласса, кодты қорықпай айта беруге болады, дейді прокуратура. Тағы бір ескеретін жайт, гүлдер мен сыйлықтарға тек сенімді сатушылардан тапсырыс берген жөн. Өйткені, құзырлы органдардың айтуынша, желіде фейк аккаунттар мен күмәнді сілтімелер көбейген.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14