Басты Жаңалықтар Қарғын суға дайындық пысықталып жатыр

Қарғын суға дайындық пысықталып жатыр

Егер күн райы күрт жылынса шығыста 7 ауданда су тасқыны болуы мүмкін. Әсірсе таулы аудандардағы өзендерге жақын қоныстанған елдімекендерге қауіп басым. Өйткені  биыл өңірде қар жылдағыдан екі есе қалың. Сондықтан әр аудандағы су бөгеттері мен гидро-нысандарға қазірден бастап бақылау қойылды. Олжас Керейханның бейнематариалы.

Зайсандағы Жеменей өзені жағасын қоныстанған әр ауылдың іргесіне бөгет салынды.Өйткені күн райы күрт жылынса таудан арқырап аққан ағын су етектегі елге қауіп төндіреді.Бұл аудандағы ауылдардың көбі жазықта.Сондықтан әр елдімекенде инертті материал қапталып, қайық пен су соратын құрылғы дайындалып жатыр.

Аслан Рамазанов, Зайсан ауданы әкімдігі ТЖБ бас маманы:

Аудан бойынша 9 елді мекенде жиырмадан астам дамбы бар. Былтырғы жылы ғана 6 адамба күрделі жөндеуден өтіп, аяқталды. Биылғы жылы көктемгі тасқынан аман өтсек, қалған 4 дамбыны жөндейміз деген ойдамыз. Қазіргі уақытқа дейін жақсы өтіп жатыр.

Қыс жақсы өтіп жатқанымен «Қазгидромет» орталығының мамандары шығыста наурыз бен сәуір жауын шашынды болады деп отыр. Сондықтан қар қалың аудандарда қарғын суға қарсы шаралар күзде басталған.Зайсанға көрші Күршім ауданында 400-ден аса көпірдегі құбыр қоқыс пен қардан тазаланып, елдімекен іргесіндегі каналдар биіктетілді.

Данияр Әділбеков, Күршім ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Аудан көлемінде жұмылдырылатын азаматтық қорғаныс қызметтеріндегі техникалардың саны барлығы 139 дана. Сонымен қатар аудан әкімдігімен 5 мың дана қап және 8 мың литр бензин және дизель отыны әзірлікте дайын. Су соратын мотопомпа дайын. Ауылдық округтерге таратылып берілді.

Егер қарғын судан қауіп төнсе оны қайтаруға аудан, қала әкімдіктерінде 3700 адам, бүгінге дейін 500 техника, 75 қайық, 240 су сору құралы, және 10 мың тонна инертті материал, 60 мың қап пен 400 тонна жанар-жағрамай дайындалды. Ал төтенше жағдайлар қызметі қосымша дайындықта.

Аманкелді Еңсегенов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Жеке құрам барлық дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Қазіргі таңда облыс көлемінде 3600-ден астам жеке құрам дайын деп айтуға болады.

Шығыста қазір үлкенді-кішілі 38 су қоймасы бар. Барлығы ескі. Сондықтан гидронысандар мен таудағы қардың қалыңдығын және өзен-көлдерді өңірдегі  салаға жауапты мекеме басышлары апта сайын әуеден шолып миниторинг жасап отыр. Өйткені сақтық та қорлық жоқ.   

Бөлісу