Елбасы мен Дональд Трамп арасындағы әңгімені басылымдар жарыса жазып, телеарналар тегіс көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы мен Дональд Трамп арасындағы әңгімені басылымдар жарыса жазып, телеарналар тегіс көрсетті

21.01.2018

Қазақ Президентінің АҚШ басшысымен кездесуі әлем журналистеріне біраз азық болды. Жаңа жылда Ақ үйге алғаш болып ат басын тіреген Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп арасындағы әңгімені басылымдар жарыса жазып, телеарналар тегіс көрсетті. Екі елдің стратегиялық әріптестігі мен сан саладағы ынтымағы туралы терең сараптамалар шықты. Әлемдік қауіпсіздікке қатысты Елбасы ұсыныстары жаһандық ақпарат құралдарының тақырыбына тұздық болды. Ержан Қалымбайұлы дүниеге дүрбі салып, әріптестердің не жазғанын, не айтқанын шолып шықты. 

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу