Басты Жаңалықтар Көкшетаудағы ЖЭО 2029 жылы салынып болады

Көкшетаудағы ЖЭО 2029 жылы салынып болады

Көкшетаудағы жылу электр орталығының құрылысы 2029 жылы аяқталады. Белсенді жұмыс келесі айда басталмақ. Қазіргі уақытта күштік трансформатор орнатылып, уақытша жолдар мен құрылыс штабы салынды. Жұмыс барысын Премьер-министр Олжас Бектенов тексеріп қайтты. Бұл нысан Президенттің ерекше бақылауында. Орталық  іске қосылса 200 мың тұрғыны бар шаһар жылумен, ыстық сумен қамтылмақ. Жаңа кәсіпорындардың ашылуына да ықпал етеді.  Өсіп келе жатқан сұраныс та ескерілген. Көкшетауда жыл сайын 200-240 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Стансаның жобалық қуаты шамамен 240 Мегават. Кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігіне де ерекше мән берілген. Стансада «таза көмір» технологиясы және түтін газын кешенді тазарту жүйесі енгізіледі. Жобаны Самұрық-Энерго компаниясы жүзеге асырып жатыр. Құрылысқа шамамен 2,5 мың адам тартылады. Ал пайдалануға берілген соң 400-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкімет басшысы жауаптыларға жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктірмей, уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.


Бөлісу