Түркияда Иранның зымыранын атып түсірді
Түркияның әуе кеңістігіне кірген Иран зымыраны құлатылды. Ираннан атылған баллистикалық зымыран Сирия мен Ирак әуе кеңістігін кесіп өтіп, дәл Түркияның аумағына ұшып келе жатқан. Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі қауіпті дер кезінде байқап, ракетаны атып түсірді. Оның сынықтары Түркияның Хатай провинциясына қарасты Дөртйол ауданының аумағына құлаған. Жарақат алғандар жоқ. Мамандар бұл зымыран Түркияның Адана қаласы маңында орналасқан Америка Құрама Штаттарының Инжирлик әскери базасына бағытталған деген болжам айтуда. Түркия билігі Иранның бұл әрекетін қатаң айыптап, мұндай провокациядан аулақ болуға шақырды.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:
Бүгінгідей жағдайда НАТО-лық серіктестерімізбен ақылдаса отырып, әртүрлі алдын алу шараларын қолға алып, дер кезінде жауап бердік. Сондай-ақ осындай жағдайдың бұдан былай тағы да қайталанбасы үшін қатаң түрде айыптап, ескерту жасадық.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр
23.08.2026, 15:22
Биыл елге 3 млн турист келген
23.08.2026, 15:21
Байқаушылар заң бұзушылықтар болмауын қадағалап отыр
23.08.2026, 15:20
Дауыс беруге барлық жағдай жасалған
23.08.2026, 15:20
Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған
23.08.2026, 15:19
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
23.08.2026, 15:15
Тікелей эфирдің тынысы
23.08.2026, 15:12
Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс
23.08.2026, 15:11