Түркия Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты
Түркия билігі Ирак, Біріккен араб әмірліктері, Катар, Кувейт, Ливан, Иордания және Бахрейн елдеріне ұшатын барлық әуе рейстерін алтыншы наурызға дейін тоқтатты. Бұл ақпаратты елдің Көлік министрлігі таратты. Ал Иранға ұшатын рейстер 12 наурызға дейін шегерілді. Түркия Көлік министрі егер жағдай ушығатын болса, Сауд Арабиясы мен Оманға баратын ұшақтарды да тоқтатамыз деп мәлімдеді. Ал Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерде ешқандай шектеу жоқ. Бұдан бөлек Түркия билігі Иранмен шекарадағы үш бекетті бір жақты жабу туралы шешім қабылдады. Яғни Түркиядан Иранға өту ашық, ал Ираннан елге тек қана Түркия азаматтары кіре алады.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14