Маңғыстауда ауаға газ-су қоспасы атқылап жатыр
Маңғыстауда Солтүстік-Шығыс Қаратұрын кен орнында төтенше оқиға болып, ауаға газ-су қоспасы атқылап жатыр.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 12:00 шамасында «Солтүстік-Шығыс Қаратұрын» кен орнында №403 ұңғымада мердігерлік ұйым бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде, газ-су атқылап кеткен. Апаттың салдарынан өрт болмаған және зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта кәсіби авариялық-құтқару қызметтері күш біріктіріп, авариялық жағдайды жою үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Қаратұрын кен орнында ұңғыманы жөндеу кезінде, технологиялық процестердің сақталмауынан өрт шығып, ол жарты жылдан кейін әрең өшірілген болатын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14