Түркияда оқушы мұғалімін пышақтап өлтірген
Түркияның Ыстанбұл қаласында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Мектеп оқушысы өзіне сабақ беретін мұғалімді пышақтап өлтірген. Сабаққа пышақ алып келген жоғары сынып оқушысы тағы бір мұғалім мен оқушыны да жаралады. Мұндай қылмысқа жасөспірімнің неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Кеше жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 11:00 шамасында Ыстамбұл қаласындағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы өзіне сабақ беретін апайды пышақтап, 44 жастағы мұғалім Фатима Нұр сол жерде жан тапсырды. Қылмыс жасаған жасөспірім онымен де тоқтамай басқа бір сыныпқа барып, ол жерде тағы бір мұғалім мен оқушыны жаралаған. Сабақ уақытында пышақ ұстап әр сыныпқа кіріп жүрген оқушыны мектеп директорының орынбасары ұстап алып полицияға тапсырады. Ауыр жараланған мұғалім мен оқушы ауруханаға жатқызылды. 17 жастағы оқушының мұндай қатыгездікке неге барғаны әзірге белгісіз, қылмыстық іс қозғалып тергеу жүріп жатыр. Ал қоғамды дүр сілкіндірген осы оқиғадан кейін мұғалімдер Ыстамбұл мектептерінде қауіпсіздік тиісті деңгейде сақталмайтынына шағымданып, екі күндік ереуіл жариялап, жұмысқа шығудан бас тартты.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14