Басты Жаңалықтар Щучинскте тағы екі адам қайтыс болды

Щучинскте тағы екі адам қайтыс болды

Щучинсктегі дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды.

Оның бірі дәмхананың әкімшісі болған 45 жастағы әйел. Екіншісі кешкі ас ішуге келген 46 жастағы мейман. Екеуі де жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Алайда жүректері шыдас бермеген. Қазір Щучинскідегі аудандық ауруханада екі науқас ем алып жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр. Десе де беті бері қараған бір науқасты Астанаға жіберу қарастырылып жатыр. Жалпы, дәмханадағы газ баллонының жарылысынан барлығы 28 адам зардап шегіп, 7-уі сол күні қаза болған еді. Енді қайтыс болғандардың саны 9-ға жетті. Қазір ауруханадағы 11 адамның барлығы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында. Соңғы мәлімет бойынша прокурорлар дәмхананың иесін ұстаған. Қазір қылмыстық істі арнайы прокурарлар тергеп-тексеріп жатыр.

Нарман Ермек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қазіргі науқастардың жағдайы ауыр деп айтуға болады. Ал Астанадағы науқастардың жағдайы жақсы болып жатыр шамалы. Бірақ бір науқастың жағдайы өте ауыр. Аппарат искусственной вентиляций легкимен қазір жатыр. Енді облыстық ауруханада қазіргі кезде 4 науқас жатыр. Сол 4 науқастың біреуі аппаратпен демалып жатыр исскуственная вентилляция легких.
Бөлісу