Қазақстандық туристер ертеңнен бастап эвакуациялануы мүмкін
Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған қазақстандық туристер ертеңнен бастап эвакуациялануы мүмкін. Жолаушылардың алғашқы легі Қатардан жеткізілмек. Бұл туралы Қазақстанның Қатардағы Төтенше және өкілетті Елшісі Арман Исағалиев айтты. Отандастарымыз Эр-Рияд қаласы арқылы чартерлік рейспен жеткізіледі. Жол шығыны мемлекет есебінен өтеледі. Әуелі 700 адамды елге әкелу жоспарланған, туристердің шет елдерге барған күні мен жасына басымдық беріледі. Тізім түзілген. Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір Қатарда Қазақстанның 1500-ден астам азаматы жүр, елшілік олармен ұдайы байланыста. Азаматтар қонақ үймен, тамақпен қамтамасыз етілген.
Арман Исағалиев, ҚР Қатардағы Төтенше және өкілетті Елшісі:
Ең бірінші біздің басымдық беріп отырғанымыз кішкентай балалар және олардың аналары. Сонымен бірге, егде кісілер, жастар. Сол кісілерге басымдық беріледі. Жалпы біз бүгін-ертең бұл жұмысты бастауымызға, қазір елден ақпарат күтіп отырмыз қашан рейтсер келетінін.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14