Дәмханадағы өрттен зардап шеккен 5 науқас астанаға жеткізілді
Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен 5 адам кеше кешке санавиациямен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді. Арасында ерлі-зайыпты мен 20 жастағы бойжеткен бар. Екі адамның жағдайы аса ауыр хәлде. Бірінің тыныс алу жолдары қатты зақымданған. Екіншінің денесін 35 пайыз күйік шалған. Сондықтан олар жансақтау бөліміне орналастырылды. «Бірақ өміріне қауіп жоқ, сауығуға шамамен 2 ай уақыт керек», - дейді дәрігерлер. Еске салсақ, 26 ақпан күні Щучинскідегі дәмханада жарылыстан 7 адам қаза тауып, 21 азамат жарақат алған еді.
Батыр Айтмолдин, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
Үшеуі камбустиология бөлімінде жатыр. Реанимациядағы екі науқастың біреуіне тынысы дұрыс болуы үшін арнайы трубка саламыз. Біздің барған реаниматолог Щусинскіде қалды. Сол жақтағы 4 жағдайы ауыр науқастарға көмек істеуде. Бізде осы 5 науқастың күйік жарасы – 17-35% аралығында.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14