АҚШ пен Израиль Ислам республикасына соққы беріп жатыр
Қазір Таяу Шығыстағы жағдай қиын. Бүгін АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруге кірісті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ислам Республикасының астанасы Тегеранмен бірге Исфахан, Құм, Керманшах, Табриз, Шираз қалалары да шабуылға ұшыраған.
Елдің оңтүстігіндегі қыздар мектебінде 50-ден аса адамның қаза тапқаны мәлім болып отыр. Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесі ірі шаһарлардың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшуге шақырды.
Шабуылға жауап ретінде Иран Израильмен қатар Құрама Штаттардың әскери базалары орналасқан Қатарға, Бахрейнге, Біріккен Араб Әмірліктеріне, баллистикалық зымырандар жіберді. Жарылыс жаңғырығы Кувейтте де естілді.
Иранға қарсы операцияның басталғанын АҚШ президенті де, Израиль үкіметі де растап отыр. Екі жақ бұған дейін Тегераннан ядролық бағдарламасын доғаруды талап еткені белгілі. Иран болса, өзінің атом өнеркәсібінің бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеген болатын.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14