Щучинск: Қаза тапқандардың туыстарына мемлекет көмектесуде
Ақмола облысының Щучинск қаласындғы дәмханадағы өртке қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды.
Оның құрамына 5 министрлік пен облыстық әкімдік өкілдері кірді. Комиссия төтенше оқиғаның себеп-салдарын тергеп-тексеріп қана қоймай, алдағы уақытта мұндай қайғылы оқилардың алдын алу үшін әрекет етпек. Естеріңізге сала кетейік, курортты қалашықтағы дәмханалардың бірінде кеше түнде газ баллоны жарылып, 7 адам қайтыс болды, оның біреуі кәмелетке толмаған қыз бала. Көз жұмғандардың барлығы дәмхана қызметкерлері. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт кезінде 28 адам зардап шекті. Қазір 10 науқас Щучинск пен Көкшетаудағы ауруханалардың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі травматология мен хирургия бөлімдерінде ем алуда. Әкімдік қайтыс болған азаматтардың отбасына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.
Арай Садықов, Бурабай ауданының әкімі:
Қаза тапқандардың туыстарына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы көмек төленеді. Сондай-ақ жерлеу рәсімі мен жаназасын ұйымдастыруға көмектесеміз. Ал зардап шеккендерге 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы