Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан оқушылар онлайнға көшті

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан оқушылар онлайнға көшті

Қызылорда облысында кешелі бері жауған жаңбыр қарға ұласып көктайғақ тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Ауа райының қолайсыздығынан бүгін қала мектептері онлайн оқуға көшті. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы қалыптасқан жағдайды баяндау үшін тікелей эфирге қосылуға әзір.
Кеше кешкісін көктайғақ салдарынан өңірдегі барлық республикалық маңыздағы автожолдарға шектеу қойылды. Жылтыраған трассада жолдан тайып, бір жүк көлігі аударылып қалған. Адам аман. Полиция 1400-ге жуық көлікті арнайы тұрақ бекеттерінде ұстап тұр. Таңертең жер бетін ақ ұлпа жапқанымен оның асты көкмұз. Тіпті жолға құм-тұз себетін коммуналдық техникалардың өзі әрең жүр. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала іргесіндегі елді мекендер мен шет аймақтарға қоғамдық көлік қатынасы уақытша тоқтады. Қолайсыз ауа райынан облыс орталығы мен Қармақшы ауданында мұз басқан электр желілері үзіліп, бағаналар құлаған. Салдарынан бірнеше ауыл мен шаһардың біраз бөлігінде жарық сөнді. Авариялық бригадалар түнімен ақауды қалыпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, электр қуатын қайта қосып жатыр. Синоптиктер алдағы күндері күн суытып, 14 градусқа дейін аяз болады деген болжам айтуда. Яғни, Сыр өңірінде қыс қаһарына мінгелі тұр. 

Бөлісу