Басты Жаңалықтар Афинада ғұлама ұстаз Әл-Фараби жайлы ғылыми конференция өтті

Афинада ғұлама ұстаз Әл-Фараби жайлы ғылыми конференция өтті

Афинада «Әл-Фараби және грек философиясы» атты халықаралық конференция өтті. Шараны еліміздің Грекиядағы елшілігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірігіп ұйымдастырды. Басқосуды ашқан Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Әл-Фараби мұрасы Шығыс пен Батыс арасындағы идеялар сабақтастығы мен рухани байланыстың символы екенін атап өтті.  Қос елдің ғалымдары әл-Фарабидің мұрасы жайлы және ойшылдың еңбектеріндегі Платон мен Аристотель философиясының жүйелеп түсіндірілуі туралы баяндамалар жасады. Шара барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Афина ұлттық және Каподистрия университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Георгиос Стейрис, Афина ұлттық және каподистрия университеті философия кафедрасының меңгерушісі, профессор:

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Грекия университеттері арасында кең ауқымды ынтымақтастықтың бастамасы деген сенімдеміз. Бұл білім беру, зерттеу жаңа мүмкіндіктер ашады және көптеген қазақстандық студенттерге Грекияның білім беру бағдарламаларын пайдалануға септігін тигізеді.


Бөлісу