Басты Жаңалықтар Ұлттық ұлан сарбазы цифрлық портал дайындады

Ұлттық ұлан сарбазы цифрлық портал дайындады

Ұлттық ұлан сарбазы әскерилерге арналған цифрлық портал әзірледі. Мемлекет басшысы айқындаған заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту саясаты аясында 5573 әскери бөлімінде жаңа жоба іске қосылды. Соның нәтижесінде ақпарат алмасу жүйесі жетілдірілген. Бұрын саптық алаңда жеткізілетін маңызды мәліметтер енді портал арқылы жедел жарияланады. Бұл құжат айналымын жеңілдетіп, бұйрықтардың уақытылы жаңартылуын қамтамасыз етіп отыр.  Сонымен қатар, психологиялық қызмет те жеңілдеді. Әзірленген алгоритм мерзімді жауынгерлердің тест нәтижелерін автоматты түрде өңдейді. Мамандардың айтуынша, бұл шешім алты ай ішінде шамамен 500 жұмыс сағатын үнемдеуге мүмкіндік берген. Жоба авторы – Алматы қаласының тумасы, қатардағы Ким Хён У. Ол «Ақпараттық технологиялар» мамандығын меңгеріп, алған білімін әскери қызмет барысында тиімді қолдануда.

Ким Хён У, Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің сарбазы:
Әскер мен үшін нағыз шыңдалу мектебіне айналды. Алдағы уақытта да бөлімнің жауынгерлік қызметін ұйымдастыру үдерістерін жеңілдетуге бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізгім келеді. Басты мақсат – әскери қызметшілер мен сарбаздарға қолайлы орта қалыптастыру. Мерзімді әскери қызметтің бір жылын барынша тиімді пайдаланып, жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруді көздеп отырмын.


Бөлісу